Компания туралы

Компания туралы

"Меншікті бағалау" – 2003 жылы құрылды және өз болмысы жылдарында Қазақстан бойынша филиалдардың тармақты жүйесі арқылы шағын аймақтық бағалау фирмасынан ірі компанияға дейінгі жолдардан өтті. Бүгінде, біз – қарқынды дамып келе жатқан бағалау компаниясымыз, мұнда жоғары дәрежелі білімі, жауапкершілігі, кәсіби әдебі және көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті мамандардың ұйымшыл командасы жұмыс жасайды.  

Біздің кәсіби пікірімізді барлық ел бойынша және оның шекарасынан тыс мыңдаған корпоративтік клиенттер мен қаржы институттары пайдаланған. Біздің пікіріміз, мәселен, инвестициялық шешімдер қабылдау кезінде қолданылатынын ескере отырып, біз клиенттің алдындағы біздің барлық жауапкершілігімізді түсінеміз әрі негізгі қағида – сапалы қызмет көрсетуді ұстанамыз. Бұл үшін біз өз жұмысымызда біздің қызметкерлеріміздің CFA Institute пен RICS алған халықаралық біліктіліктерімен расталатын білімдерін жергілікті нарық пен заңнама білімдерімен байланыстырамыз, бұл бізді көптеген бағалау компаниялары арасынан ерекшелеп тұрады.Сондықтан біздің компанияны таңдай отырып, сіз әділ және нақты баға алатыныңызға біз сенімдіміз.

«Меншікті бағалау» ЖШС Қазақстанның ЭКСПЕРТ РА агенттігінің рейтингінде жетекші бағалау компаниялары арасында көшбасшылық орын алады.

Компания                                                                       

  • Ірі, орташа қазақстандық және шетелдік бизнес
  • Корпоративтік Серіктестер мен Клиенттер
  • Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік сыңайлы секторлардың субъектісі

үшін қазақстандық және халықаралық стандарттар бойынша бизнесті бағалау, кәсіпорынды бағалау, мүлікті бағалау, акцияларды бағалау, басқа да материалдық және бейматериалдық активтерді бағалау сияқты сондай бағалау қызметтерінің толық кешенін көрсетеді.

Қызметкерлердің бірталай штаты (40 маман шамасында) мен республика бойынша тармақты жүйесі бізге қосымша көлік шығынысыз клиенттің талаптарына шапшаң жауап беруге мүмкіндік береді.