қызмет жасаймыз
бағаладық
кеңселеріміз бар
мақұлданды
Бизнесіңізді дамытуға
және басқаруға көмектесеміз
Бизнесті оның дамуының әртүрлі кезеңдерінде тиімді басқару үшін экономикалық негізделген шешімдер қабылдау кез келген кәсіпкер үшін оңай шаруа емес. Қазақстанда 20 жылдан астам уақыт бойы кәсіпкерлерге бизнесті бағалау қызметтерін көрсетуде мінсіз беделге иеміз, сол себепті де біз көрсетілетін қызметтердің 100% сапасы мен жеделдігіне кепілдік бере аламыз.
Халықаралық деңгейде сертификатталған бағалау сарапшылары бизнесті бағалауды мұқият әрі тиісті түрде жүргізеді, ал компанияның уақытпен тексерілген берік серіктестері озық бизнес тәжірибелерімен бөліседі және сіздің бизнесіңіз үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бізбен бірге сіз бизнестегі жолыңыздың әр қадамына сенімді бола аласыз!
«PKF Меншікті бағалау» сізге бизнеске қатысты тек бағалау қызметін ғана ұсынып қоймайды, сонымен қатар, бизнесіңіздегі өзекті шешімдеріңізге нық сенімді болуға мүмкіндік беретін, арқа сүйер серіктес болуды ұсынады. Біз бағалайтын нәрселердің қысқаша тізімі:
Дүние жүзінің 150 елінде кеңселері бар және Forum of Firms әлемдік ұйымының бөлігі болып табылатын PKF Global халықаралық желісінің ресми мүшесі ретінде біз сіздің бизнесіңіздегі әртүрлі қажетті жағдайларға мамандардың халықаралық тәжірибесін қолдана аламыз.
Осындай тиімді мүмкіндіктерді пайдалана отырып, сіз біздің тарабымыздан түрлі банктер мен жетекші қаржы институттары мойындаған сапалы бағалау есебін алатындығыңызға сенімді бола аласыз. Бағалау қызметі сізге түрлі мақсаттар үшін қажет болуы мүмкін:
- қаржыландыруды бағалау
- банктік несиелеуді бағалау
- инвестицияны бағалау
- кепілгер компанияның кепілдік қабілетін бағалау
- салық салуды есептеу
- ХҚЕС бойынша бағалау
- аудит үшін бағалау
- жалдау ақысын негіздеу үшін бағалау
- бизнесті сату үшін бағалау
- компанияны сатып алу кезінде бағалау
- құқықтарды беру кезіндегі бағалау
- M&A бағалауы
- компанияның ағымдағы құнын түсіну үшін бағалау
Сіз бизнесті бағалау, активтер және материалдық емес активтерді бағалау қызметтеріне тапсырыс бере аласыз. Бағалау қызметтерінің толық тізімін мна жерден табуға болады.
Бағалау нысанына келу ақылы емес.
Біздің бағалау есептерін Қазақстанның барлық дерлік банктері (Halyk Bank, Bereke Bank, Forte Bank, Jusan Bank, NurBank, Eurasian Bank, Bank Center Credit, RBK, VTB Bank) және Қазақстанның Даму Банкі, Еуразиялық Даму Банкі және BV Management бастаған қаржы институттары қабылдайды.
Қажетті бағалау құжаттарының тізімі бағалау объектісі мен мақсатына байланысты. Бизнесті бағалауға арналған құжаттардың жалпы тізімін мына жерден таба аласыз.
Бағалау процесі бағалау объектісіне және жағдайдың ерекшеліктеріне байланысты 1 немесе одан да көп күн уақыт алады.
Банктен несие беру тек бағалау есебінің сапасына ғана емес, басқа да бірқатар параметрлер мен шарттарға байланысты. Біз өз тарапымыздан біздің бағалау есептеріміздің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне, ұлттық және халықаралық бағалау стандарттарына сәйкес жасалғанына және барлық екінші деңгейдегі банктер мен жетекші қаржы ұйымдарының Қазақстанның Даму Банкі, Еуразиялық Даму банкі және BV менеджменті секілді ұйымдар мойындайтынына кепілдік береміз.