21
жыл нарықта
қызмет жасаймыз
>11 400
кәсіпорынды
бағаладық
9
Қазақстан қаласында
кеңселеріміз бар
>70 000
қаржылай несие
мақұлданды

Бизнесіңізді дамытуға
және басқаруға көмектесеміз

Бизнесті оның дамуының әртүрлі кезеңдерінде тиімді басқару үшін экономикалық негізделген шешімдер қабылдау кез келген кәсіпкер үшін оңай шаруа емес. Қазақстанда 20 жылдан астам уақыт бойы кәсіпкерлерге бизнесті бағалау қызметтерін көрсетуде мінсіз беделге иеміз, сол себепті де біз көрсетілетін қызметтердің 100% сапасы мен жеделдігіне кепілдік бере аламыз.

Халықаралық деңгейде сертификатталған бағалау сарапшылары бизнесті бағалауды мұқият әрі тиісті түрде жүргізеді, ал компанияның уақытпен тексерілген берік серіктестері озық бизнес тәжірибелерімен бөліседі және сіздің бизнесіңіз үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бізбен бірге сіз бизнестегі жолыңыздың әр қадамына сенімді бола аласыз!

Бағалауға тапсырыс беру

Қазақстандағы бизнеске арналған бағалау қызметтері

«PKF Меншікті бағалау» сізге бизнеске қатысты тек бағалау қызметін ғана ұсынып қоймайды, сонымен қатар, бизнесіңіздегі өзекті шешімдеріңізге нық сенімді болуға мүмкіндік беретін, арқа сүйер серіктес болуды ұсынады. Біз бағалайтын нәрселердің қысқаша тізімі:

Байланыс нөміріңізді қалдырсаңыз, біз сізге хабарласып, барлық сұрақтарға жауап береміз
Кеңес алу
Сіздің бизнес қажеттіліктеріңізге бағытталған халықаралық тәжірибе

Дүние жүзінің 150 елінде кеңселері бар және Forum of Firms әлемдік ұйымының бөлігі болып табылатын PKF Global халықаралық желісінің ресми мүшесі ретінде біз сіздің бизнесіңіздегі әртүрлі қажетті жағдайларға мамандардың халықаралық тәжірибесін қолдана аламыз.

Осындай тиімді мүмкіндіктерді пайдалана отырып, сіз біздің тарабымыздан түрлі банктер мен жетекші қаржы институттары мойындаған сапалы бағалау есебін алатындығыңызға сенімді бола аласыз. Бағалау қызметі сізге түрлі мақсаттар үшін қажет болуы мүмкін:

  • қаржыландыруды бағалау
  • банктік несиелеуді бағалау
  • инвестицияны бағалау
  • кепілгер компанияның кепілдік қабілетін бағалау
  • салық салуды есептеу
  • ХҚЕС бойынша бағалау
  • аудит үшін бағалау
  • жалдау ақысын негіздеу үшін бағалау
  • бизнесті сату үшін бағалау
  • компанияны сатып алу кезінде бағалау
  • құқықтарды беру кезіндегі бағалау
  • M&A бағалауы
  • компанияның ағымдағы құнын түсіну үшін бағалау

«PKF Меншікті бағалау» компаниясының есептері түрлі тәсілдермен есептеліп тексерілген, кәсіби пайымдауларға, бағалаушылардың жеке тәжірибесі мен біліміне негізделген.

«Алматы КАМАЗ Автоорталығы» ЖШС СРКП, Алматы қ.
түпнұсқаны көру

Біз «PKF Меншікті бағалау» компаниясы құрмет пен сенімге лайық, жауапкершілігі мол сенімді ұйым деп толықтай айта аламыз.

«АқсайГазСервис» АҚ, Ақсай қ.
түпнұсқаны көру

«PKF Меншікті бағалау» компаниясы жұмысының айрықша ерекшелігі ұйым қызметкерлерінің жеделдігі мен жоғары ұйымшылдығы, жағдайларға тез жауап беруге дайын болуы болып табылады.

«АПК-Инвест» корпорациясы ЖШС, Астана қ.
түпнұсқаны көру

«PKF меншікті бағалау» компаниясының жұмысы ең жоғары бағаға лайық. Компания қызметкерлері тұтынушыларға қызмет көрсетудің жоғары деңгейін көрсетеді. Жұмыс жедел және біліктілікпен жүргізіледі.

«Болашақ-Т» ЖШС, Орал қ.

Клиенттерге қызмет көрсету сапасы және мамандардың кәсібилігі деңгейіне қарап, біз «PKF Меншікті бағалау» компаниясын жұмыс жасауға ұсынамыз.

"Mega Center Aktobe" ЖШС, Ақтөбе қ.

Атап айтуға лайық жайт: бұл компанияның басшылығы бағалау кезінде туындайтын барлық мәселелерді шешу барысында көмектесуге әрқашан дайын тұрады.

«Raimbek Bottlers» ЖШС, Алматы қ.

Бағалау есептері қолданыстағы заңнамаға және халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізілді. Компания өзін сенімді серіктес ретінде көрсетті.

«Czech Camp» ЖШС, Ақсай қ.
Бизнесті бағалау қалай жүргізіледі?
1. Телефон арқылы кеңес береміз
2. Бағалау объектісінің құжаттарын қабылдаймыз, бағалау құнын алдын ала есептейміз
3. Келісім-шарт жасаймыз
4. Бағалау объектісіне тексеру жүргіземіз
5. Бағалау туралы есеп жүргіземіз
6. Біз сізге танысу үшін бағалау нәтижесін береміз
7. Бағалау туралы есепті және барлық жабылатын құжаттарды тапсырамыз
Бізбен байланысып, бағалау процесін бүгіннен бастаңыз:

    Қазақстанда бизнесті бағалау бойынша жиі қойылатын сұрақтар
    Бағалаудың қандай түрлеріне тапсырыс бере аламын?

    Сіз бизнесті бағалау, активтер және материалдық емес активтерді бағалау қызметтеріне тапсырыс бере аласыз. Бағалау қызметтерінің толық тізімін мна жерден табуға болады.

    Бағалау нысанын қарауға келу қызметі қанша тұрады?

    Бағалау нысанына келу ақылы емес.

    Сіздің компания дайындаған бағалау есептерін қай банктер қабылдайды?

    Біздің бағалау есептерін Қазақстанның барлық дерлік банктері (Halyk Bank, Bereke Bank, Forte Bank, Jusan Bank, NurBank, Eurasian Bank, Bank Center Credit, RBK, VTB Bank) және Қазақстанның Даму Банкі, Еуразиялық Даму Банкі және BV Management бастаған қаржы институттары қабылдайды.

    Бағалау үшін қандай құжаттар қажет?

    Қажетті бағалау құжаттарының тізімі бағалау объектісі мен мақсатына байланысты. Бизнесті бағалауға арналған құжаттардың жалпы тізімін мына жерден таба аласыз.

    Бағалау үрдісі қанша уақытқа созылады?

    Бағалау процесі бағалау объектісіне және жағдайдың ерекшеліктеріне байланысты 1 немесе одан да көп күн уақыт алады.

    Сіздің бағалауыңыз бойынша банктің несие беру ықтималдығы қандай?

    Банктен несие беру тек бағалау есебінің сапасына ғана емес, басқа да бірқатар параметрлер мен шарттарға байланысты. Біз өз тарапымыздан біздің бағалау есептеріміздің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне, ұлттық және халықаралық бағалау стандарттарына сәйкес жасалғанына және барлық екінші деңгейдегі банктер мен жетекші қаржы ұйымдарының Қазақстанның Даму Банкі, Еуразиялық Даму банкі және BV менеджменті секілді ұйымдар мойындайтынына кепілдік береміз.

    Сұрақтарыңыз бар ма? Байланыс нөміріңізді қалдырсаңыз, біз сізге хабарласып, барлық сұрақтарға жауап береміз
    Маған хабарласыңыз