Біз кімбіз?

Сұрақтарыңыз бар ма?

Байланысқа шығу

Біз туралы

Бизнесті тиімді басқару үшін экономикалық тұрғыда негізделген, дұрыс  шешімдерді қабылдау – кәсіпкер үшін оп-оңай шаруа емес.

Қазақстандағы бизнесті бағалау саласында 20 жылдан астам уақыт қызмет көрсетіп және мінсіз беделге ие болып отырғандықтан, біз ұсынылатын қызметтеріміздің жоғары сапасы мен тиімділігіне кепілдік бере аламыз. Біз өз миссиямыз – кәсіпкерлерге компания дамуының әртүрлі кезеңдерінде қажетті бағалау қызметтерін ұсына отырып, олардың істерінің дамуына септігін тигізетін маңызды шешімдерді қабылдауға көмектесу деп білеміз.

Бізден не пайда көре аласыз?

Халықаралық деңгейде сертификатталған мамандарымыз келесі мақсаттарда Сіздің бизнесіңіз үшін қажет болатын сенімді бағалау қызметін көрсетеді:

  • қаржыландыру мақсатында бағалау
  • банктік несие алу мақсатында бағалау
  • инвестициялау мақсатында бағалау
  • кепілгер компанияның кепілдік қабілетін бағалау
  • салық салуды есептеу мақсатында бағалау
  • ХҚЕС бойынша бағалау
  • аудит үшін бағалау
  • жалдау ақысын негіздеу үшін бағалау
  • бизнесті сату үшін бағалау
  • компанияны сатып алу кезінде бағалау
  • құқықтарды беру кезіндегі бағалау
  • M&A бағалауы (бизнестерді біріктіру және қосып алу кезіндегі бағалау)
  • компанияның ағымдағы құнын түсіну үшін бағалау

«PKF Меншікті бағалау» сарапшылары халықаралық тәжірибені жергілікті біліммен ұштастырады: біз жергілікті компаниялардың қалай жұмыс істейтінін білеміз және PKF Global халықаралық желісінің ең жақсы стандарттарын есепке аламыз.

Білікті бағалаушыларымыз бен серіктестеріміз арқасында біз бизнесіңіздің өсуіне және табысқа жетуіне көмектесетін сенімді шешімдер ұсына аламыз.

Бізбен жұмыс жасаудың артықшылықтары:

  1. Сарапшылар білімі: Бағалау қызметтерін халықаралық деңгейде сертификатталған терең білімі мен тәжірибесі бар мамандар ұсынады. Сіз біздің есептеріміздің сапасына нық сенімді бола аласыз.
  2. Тармақталған желі: Біздің кеңселер Қазақстанның барлық дерлік өңірлерінде орналасқан. Сіз өзіңіздің аймағыңыздан тыс жерлерге бармай-ақ, бағалау қызметтеріне тұрғылықты жеріңізде қол жеткізе аласыз. Ал әлемнің 150 елінде қызмет ететін PKF желісі бойынша әріптестеріміз Сізге сапалы бағалау жүргізу үшін қажетті әлемдік статистика мен деректермен қамтамасыз етеді.
  3. Танымалдылық: Біздің бағалау жөніндегі есептерімізді Қазақстанның барлық дерлік банктері, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкі, Еуразиялық Даму Банкі және BV Management секілдік ірі қаржы ұйымдары таниды және жұмыстары үшін қабылдайды. PKF Global желісі Forum of Firms құрамына кіреді және табыс көлемі бойынша әлемдегі ең ірі бухгалтерлік желілер рейтингінде 15-ші орынды иеленеді. Біздің танымалдылығымыз көптеген бизнес мәселелерін шешуде сіздің жолыңызды жеңілдете алады.
  4. Ерекшеліктерге негізделген қатынас: Әртүрлі салалардағы, ауқымдағы және меншік формасындағы көптеген кәсіпорындармен жұмыс жасағандықтан, біз әр бизнестің өзінше бірегей екенін жақсы білеміз. Біз сіздің ісіңіздің ерекшеліктерін және ағымдағы жағдайларды ескере отырып, нақты қажеттілігіңізге байланысты тиімді шешімдер ұсынамыз.

Біздің клиенттеріміздің қатарында шағын жеке кәсіпорындар, серіктестіктер, сондай-ақ биржада тіркелген компаниялар, халықаралық корпорациялар және квазимемлекеттік сектор субъектілері бар. Сіздің бизнесіңіздің көлемі қандай болса да, оны сапалы бағалау үшін қажет болатын тәжірибе мен білім біздің мамандарымызда жеткілікті.

Байланыс ақпараттарыңызды жазып қалдырыңыз, сөйтіп бүгін-ақ сізге хабарласып, серіктестігімізді талқылай аламыз!

Өзіңіз туралы деректерді қалдырыңыз,
біз жақын арада сізбен хабарласамыз
Кеңес алу