Команда

Руслан Буржакаев

Руслан Буржакаев

«PKF Оценка собственности» желісіндегі лауазымы

Руслан Буржакаев «PKF Оценка собственности VP» (Орал қ.) ЖШС директоры болып табылады.

Жұмыс тәжірибесі

«PKF Оценка собственности» компаниялар тобында 2022 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын «PKF Оценка собственности VP» ЖШС компаниясының даму жөніндегі директоры қызметінен бастаған. 2023 жылы «PKF Оценка собственности VP» ЖШС директоры болып тағайындалды.

PKF Оценка собственности компаниялар тобына келгенге дейін Қазақстанның жетекші банктерінде басшылық қызметтер атқарған: «Евразийский банк» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Нурбанк» АҚ, «БанкЦентрКредит» АҚ, сондай-ақ ДБ «Альфа-Банк» өкілдігі.

Екінші деңгейлі банктердің корпоративтік бизнес пен ШОБ несиелеу бөлімшелерінде 16 жылдық жұмыс тәжірибесі бар.

Батыс Қазақстан облысының ірі коммерциялық ұйымдарында қаржы қызметтерін 7 жылдан астам басқарған, оның ішінде сауда, құрылыс, құрылыс материалдары және азық-түлік өндірісі салаларында:

  • ТОО «MasterTradeSystem»
  • ТОО «Строительная инициатива»
  • АҚ «Батыс Күнбағыс»

Білімі, біліктілікті арттыруы және қызығушылықтары

  • Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы
  • Орал аграрлық-техникалық колледжі, «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы

Кәсіби дағдыларын үнемі жетілдіріп, тренингтер мен семинарларға белсенді қатысады.

Кәсіби аңшы және балықшы.

Өзіңіз туралы деректерді қалдырыңыз,
біз жақын арада сізбен хабарласамыз
Кеңес алу