Ада Нұргожанова: бағалаушы көмекшісінен PKF Меншікті бағалау Алматы директоры лауазымына дейінгі жол
2022.10.04Ада Нұргожанова – PKF Меншікті бағалау Алматы директоры.
2008 жылы «Бағалау» мамандығы бойынша Бағалау және Құрылыс Академиясын бітірген.
Ада компанияда 10 жылдан астам, бағалау саласында жалпы 12 жыл жұмыс істейді.
Ол өзінің кәсіби жолын компанияда бағалаушының көмекшісі ретінде бастап, 2018 жылы жетекші маман, 2021 жылы атқарушы директор, ал 2022 жылдан бастап Алматы қаласындағы кеңсе директоры қызметін атқарып келеді.
Өзінің мықты қасиеттері ретінде адалдықты, жауапкершілікті, еңбекқорлықты, мақсаткерлікті және өзгенің көзқарасын қабылдай білу қабілетін атап өтеді.
Ада Нұргожанова PKF Меншікті бағалау компаниясында жұмыс істеген жылдары клиентке жеке көзқарас табу, өзгенің пікірін тыңдап, түсіну, шешім қабылдаудағы дербестік және жауапкершілік сияқты дағдыларды дамытып, жетілдіргенін айтады.
«Маған PKF Меншікті бағалау компаниясында жұмыс істеу ұнайды, бұл – әріптестерімнің арқасы. Олар өте мейірімді және өз ісінің нағыз мамандары. Мұндай командамен кез келген міндет орындалады», – дейді Ада.
«Осында жұмыс істегенімнің арқасында «Маңғыстау аймақтық электржелілік компаниясы» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ, GenAir ЖШС, Libella Bottlers Almaty ЖШС, «Astana Motors Almaty» Сауда үйі ЖШС, «Модуль Сталь» ЖШС, Mercury Properties ЖШС, GRAND PARK сауда орталығы және Stynergy ЖШС сияқты ірі жобаларды жүргізу бақыты бұйырды. Бұл компаниялармен мен жеке өзім де, команда құрамында да жұмыс істедім. PKF Меншікті бағалау компаниясында өз дағдыларымды әрі қарай дамытып, кәсібилігімді шыңдауды жоспарлап отырмын».