PKF Меншікті бағалау командасын дамыту: Mind Tools платформасымен жаңа мүмкіндіктер
2022.10.04Қызметкерлердің тұрақты дамуы – PKF Меншікті бағалау командасының басымдықтарының бірі.
Біз қызметкерлеріміздің тек кәсіби дамуының ғана емес, сонымен қатар жеке қасиеттерімен тығыз байланысты soft skills деп аталатын дағдылардың маңыздылығын да түсінеміз.
Soft skills – кез келген қызмет саласында маңызды болып табылатын жалпы сипаттағы дағдылар кешені. Мұндай дағдыларға сыни ойлау, тапсырмаларды шешу, көпшілік алдында сөйлеу, іскерлік қарым-қатынас, топта жұмыс істеу және көшбасшылық жатады.
Сондықтан «PKF Меншікті бағалау» қызметкерлеріне арнайы Mind Tools платформасы бейімделді.
Mind Tools – 25 жылдан бері кәсіби және жеке дамуға арналған толық ресурстар жиынтығын ұсынатын халықаралық әмбебап оқу орталығы.
5 шілдеде біздің қызметкерлер үшін Mind Tools онлайн-платформасының тұсаукесері өтті.
Енді әрбір маман көшбасшылық, тайм-менеджмент, коммуникацияны басқару, күйзеліске төзімділік және қазіргі заманның табысты маманына аса қажет басқа да дағдыларды тегін дамыта алады.
Онлайн-демонстрацияны PKF International ұйымының Таиландтағы кеңсесінің өкілі Паттра Сутти өткізді. Оған PKF Меншікті бағалау компаниясының 30 қызметкері қатысты.
Мамандарымыздың Mind Tools сияқты ресурстарға тегін қолжетімділігі олардың кәсіби өсуіне, өзіне сенімді болуына, ауқымды жобаларға жауапкершілік алуына, өз әлеуетін жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде біздің қызметкерлер клиенттермен серіктестік қатынастарды оңай құрып, жұмыс сапасын арттыра алады.
Командамыздың бір бөлігі болғыңыз келе ме? – Резюмеңізді «Бос орындар» бөлімінде жіберіңіз.