PKF жаңалықтары

PKF Меншікті бағалау командасына жаңа білікті бағалаушы қосылды

2022.10.04

Кез келген компанияның дамуы және клиенттерге көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасы қызметкерлердің кәсіби деңгейіне тікелей байланысты. PKF Меншікті бағалау компаниясында бұл мәселеге ерекше назар аударылады. Біздің барлық қызметкерлеріміз тұрақты түрде түрлі біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, бағалаудың әртүрлі бағыттары бойынша біліктілік куәліктерін алады.

Биылғы жылдың маусым айында тағы бір маманымыз білікті бағалаушы атанды. Айгерім Джабасова 2021 жылдың ақпанында университетті бітірген соң, Ақтау қаласындағы PKF Меншікті бағалау компаниясына бағалаушының көмекшісі болып жұмысқа кірді.

Жұмысқа орналасу кезінде ол Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде «Бағалау» мамандығы бойынша жоғары білім алған болатын.

Емтихан тапсырып, біліктілік куәлігін алу үшін қызметкердің компанияда бір жылдан артық жұмыс өтілі болуы керек.

Осы жылы Айгерім арнайы дайындық курсынан өтіп, емтиханға жіберіліп, өз біліктілігін сәтті растады.

Емтихан Нұр-Сұлтан қаласында өтіп, оны елордадағы Бағалаушылар палатасының мамандары қабылдады. Нәтижесінде, Айгерім Джабасова «Жылжымайтын мүлікті бағалаушы» біліктілік куәлігін алды.

Мұндай біліктілікті арттыру клиенттермен жұмыс істеуге және жобаларды дербес жүргізуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде мансаптық өсудің үлкен мүмкіндіктерін ашады.

PKF Меншікті бағалау компаниясы қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын дамытуға басымдық береді, сондықтан барлық курстар мен біліктілікті арттыру оқуын компания есебінен өтеді.

Сұрақтарыңыз бар ма? Біз жауап беруге дайынбыз. Төмендегі форманы толтырыңыз, және біз сізбен жақын арада хабарласамыз.

Өзіңіз туралы деректерді қалдырыңыз,
біз жақын арада сізбен хабарласамыз
Кеңес алу