PKF жаңалықтары

PKF Меншікті бағалау және Қазақстан Даму Банкі онлайн кездесіп, ынтымақтастықты жетілдіру жолдарын талқылады

2022.03.25

2022 жылғы 29 наурызда онлайн форматта «Қазақстан Даму Банкі» мен бағалау компанияларының арасында дөңгелек үстел өтті. Кездесуге Алматы, Астана, Атырау, Ақтау, Аксай, Орал, Ақтөбе, Құлсары және Жаңаөзен қалаларындағы «PKF Меншікті бағалау» компаниясының барлық кеңселерінің басшылары қатысты.

«Қазақстан Даму Банкі» елімізде ірі бизнес пен инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік нысандарды қаржыландыру және дамыту саласында маманданған.

«PKF Меншікті бағалау» компаниясы мен «Қазақстан Даму Банкі» он жылдан бері ынтымақтастықта. Осы уақыт ішінде еліміздің экономикасына оң әсер ететін 9 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылды.

Өткен кездесуде «ҚДБ»-ның сыртқы кеңесшілермен – бағалаушылармен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Нәтижесінде ынтымақтастықты жетілдіру және одан арғы іс-қимыл жолдары қаралды. Қазірдің өзінде бірлескен жұмысқа есептерді келісу мерзімін қысқартуға мүмкіндік беретін түзетулер енгізілді, бұл біздің клиенттеріміз үшін үлкен артықшылық болып табылады.

«PKF Меншікті бағалау» кез келген күрделіліктегі бизнес пен активтерді бағалауды орындайды және есептің банк талаптарына сай қабылдануына кепілдік береді.

Сұрақтарыңыз бар ма? Біз көмектесуге дайынбыз — төмендегі форманы толтырыңыз, біз сізбен жақын арада хабарласамыз.

Өзіңіз туралы деректерді қалдырыңыз,
біз жақын арада сізбен хабарласамыз
Кеңес алу