Жасыл энергетика жобалары үшін активтерді бағалау: Eneverse Kunkuat мысалы
2022.08.122021 жылғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда 15 ірі күн және жел электр станциясы жұмыс істейді. Елдің климаты күн мен жел энергетикасын дамытуға қолайлы: Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарында желдің жылдамдығы орта есеппен 4–5 м/сек., ал оңтүстігі мен шығысында күн сәулесі жылына 3000 сағатқа дейін жетеді.
2019 жылы Eneverse Kunkuat ЖШС Алматы облысында күн электр станциясын (КЭС) іске қосты. Бұл — Қапшағай қаласына жақын орналасқан, жалпы қуаты 100 МВт болатын елдегі ірі КЭС-тердің бірі. Жобаны қаржыландыру үшін Қазақстан Даму Банкі мен БРК-Лизинг АҚ-ның қарыз қаражаттары тартылды.
Қарызды қамтамасыз ету үшін Eneverse Kunkuat ЖШС-не бизнесті және активтерді сапалы бағалау қажет болды.
✔️ PKF Меншікті бағалау компаниясы бизнесті және активтерді кепілге қою мақсатында белгіленген мерзімде тиісті түрде бағалап, қаржы ұйымдары тарапынан қабылданды.
✔️ Біз Eneverse Kunkuat ЖШС компаниясымен ынтымақтастықты жалғастырып, бизнес пен активтерді бағалауды кезең-кезеңімен жүргізіп келеміз.
Сұрақтарыңыз бар ма? Біз көмектесуге дайынбыз — төмендегі форманы толтырыңыз, біз сізбен жақын арада хабарласамыз.