PKF жаңалықтары

Жетістік тарихы: Анастасия Егорова — Атыраудағы PKF Меншікті бағалау директоры

2022.10.04

Бүгін біз сіздерді команда мүшелерінің бірі – Атырау қаласындағы PKF Меншікті бағалау директоры Анастасия Егоровамен таныстырамыз.

2005 жылы ол Атырау Мұнай және Газ институтын «Инженер – бағдарламашы» мамандығы бойынша бітірді.

Анастасия Егорова – кәсіби бағалаушы, Бағалаушылар палатасының мүшесі, 2005 жылдан бері компанияда жұмыс істейді.

Анастасия институтты аяқтағаннан кейін бірден PKF Меншікті бағалауға келді. Сол кезде Атырау филиалы жаңа ашылып, дамып жатқан еді.

«Сұхбаттан кейін маған ертең жұмысқа шығуға болатынын айтты, – деп еске алады Анастасия. – Бірақ сұхбаттан бір сағат өткен соң, маған қайта қоңырау шалып, қазір келуімді сұрады. Сол күні мен жұмысқа кірістім және осы күнге дейін осындамын».

Жұмыс барысында Анастасия Егорова бірнеше біліктілік куәліктерін алды. Әділет министрлігінде емтихандарды сәтті тапсырғаннан кейін, 2013 жылғы қаңтарда ол жылжымалы және жылжымайтын мүлікті бағалау лицензиясын алды. 2018 жылы Бағалау қызметі туралы заңдағы өзгерістерге байланысты лицензиялау біліктілік куәліктерімен ауыстырылды. Осылайша, ол «Жылжымалы мүлікті бағалаушы» және «Жылжымайтын мүлікті бағалаушы» біліктіліктерін алды.

Анастасияның айтуынша, ол жұмыс істеген жылдар ішінде үлкен тәжірибе жинап, өз дағдылары мен кәсібилігін жетілдірді. Компания жеке және кәсіби қасиеттерді дамытуға мүмкіндік беріп қана қоймай, оны әрдайым қолдайды. Анастасия мұнымен тоқтап қалмай, бизнес бағалаушы біліктілігін алуды жоспарлап отыр.

«Маған жұмысымның даму мүмкіндіктерін беретіні ұнайды. Бұл мені бір орында тұрмай, өсуге және өзін-өзі үйренуге жетелейді. Осы команданың бір бөлігі болу, әріптестеріме көмек көрсету және әрқашан қолдау табатынымды білу – маған қатты ұнайды», – дейді Анастасия Егорова.

Өзіңіз туралы деректерді қалдырыңыз,
біз жақын арада сізбен хабарласамыз
Кеңес алу