PKF Меншікті бағалау

Сұрақтарыңыз бар ма?

Байланысқа шығу

Экономикадағы толассыз өзгерістердің және қоғам өмірінің барлық салаларына енгізіліп жатқан цифрландырудың әсерінен қазіргі күнде бизнесті бағалаудың рөлі Қазақстанда, кез келген басқа елдегідей, басқарушылық шешімдер қабылдау үшін шешуші мәнге ие болып келеді. Сіз бизнесіңізді мұқият және кәсіби түрде бағалау арқылы кәсіпорынды басқарудың ең тиімді моделін жоспарлауға мүмкіндік аласыз және оны құра аласыз.

«PKF меншікті бағалау» – бұл 20 жылдан астам уақыт бойы бизнесті бағалау қызметтерін атқарып отырған компаниялар тобы. PKF Global халықаралық желісінің Қазақстандағы толыққанды мүшесі болғандықтан, біз өз жұмысымызды жергілікті нарықты тануымызға ғана емес, сонымен қатар әлемдік тәжірибе мен статистикаға сүйене отырып жасаймыз, бұл біз үшін клиенттерге сапасы халықаралық деңгейде болатын қызметтерді ұсынуымызға мүмкіндік береді.

 

«PKF меншікті бағалаудың» даму тарихы

2003 ж. Компанияның Қазақстандағы бағалау қызметі нарығына шығуы.

2004 ж. Ақтау қаласында алғашқы филиалдың ашылуы.

2006 ж. Компанияның қызмет көрсету аумағын кеңейту, бірден 3 филиал ашу.

2010 ж. Қазақстанның бағалау компанияларының жыл сайынғы рейтингіне қатысудың басталуы («Эксперт РА Казахстан»).

2011 ж. Компания маманының RICS мүшелік сертификатын алуы (Жылжымайтын мүлік саласындағы сертификатталған мамандардың Корольдік Қоғамы, Ұлыбритания).

2012 ж. The Economist Intelligence Unit халықаралық талдау агенттігімен серіктестік қатынастың басталуы.

2014 ж. «Евроэксперт» ЖАҚ және «Финэкспертиза» ЖШҚ жетекші ресейлік бағалау компанияларымен ынтымақтастықтың (іскерлік қатынастың) басталуы.

2016 ж. Компания маманының CFA институтын тамамдауы (Сертификатталған Қаржылық Талдаушылар Институты, АҚШ).

2017 ж. Бизнес-процестерді автоматтандыру мақсатында бағдарламалық жасақтаманы енгізу.

2021 ж. PKF Global халықаралық желісіне мүше болу.

 

Жергілікті бизнес қажеттіліктеріне арналған Халықаралық ресурстар

PKF Global желісінің құрамына кіретін 150 елдегі 213 фирмамен байланыста болуымыздың арқасында біз Қазақстандағы кәсіпкерліктің ерекшеліктерін ескере отырып, халықаралық тәжірибелер мен сараптамалық білімдерді сіздің қажеттіліктеріңізге бейімдей отырып, пайдалана аламыз. Сіз әлемдік ресурстарға, статистикаға және жергілікті нарықта табысты жұмыс істеуге мүмкіндік беретін ең жақсы бизнес шешімдеріне қол жеткізе аласыз.

 

Қазақстандағы «PKF меншікті бағалау» кеңселері

Бүгінгі таңда біздің компания тобы Қазақстанның 9 қаласында бағалау қызметтерін көрсетеді: Астана, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Жаңаөзен, Атырау, Құлсары, Орал және Ақсай.

21
жыл нарықта
қызмет жасаймыз
>11 400
кәсіпорынды
бағаладық
9
Қазақстан қаласында
кеңселеріміз бар
>70 000
қаржылай несие
мақұлданды

Бізбен жұмыс істеу неліктен тиімді?

«PKF меншікті бағалау» компаниясының барлық жетістіктері мен көрсеткіштері негізі – қызметкерлер мен серіктестер өзара қарым-қатынастарында ескеретін және компания деңгейінде бекітілген құндылықтар болып табылады. Біз ондаған жылдар бойы осы бағыт берер құндылықтарымыздан айнымай, оларды жұмыс барысында ұстанып жүргенімізді мақтан тұтамыз:

  • Адалдық:

Біз бизнестің негізі болып табылатын шындық, әділдік және әдептілік принциптерін ұстанамыз. Бұл өзара сенімділікті қалыптастыруға және біздің мінсіз іскерлік беделімізді қолдауға ықпал етеді. Біз барлық процестердің ашықтығына және бағалау жұмыстарының сенімділігіне кепілдік береміз, бұл сізге шешімдеріңіздің нық әрі табысты болуына көмектеседі.

  • Кәсібилік:

Біз өз жұмысымыздың барлық қырларында да кемелдікке ұмтыламыз. Қызметкерлеріміз жоғары сапалы қызмет көрсету үшін қажетті жоғары білім мен сәйкес тәжірибеге ие. Біз сізге маңызды бизнес шешімдерін қабылдау кезінде негізделуге болатын сапалы бағалау қызметін ұсыну үшін процестеріміз бен әдістемелерімізді үнемі жетілдіріп отырамыз.

  • Сенімділік:

Біз әрқашан өз міндеттемелерімізді орындаймыз және әрбір қадамымыз үшін жауап береміз. Біздің қызметтеріміздің сенімділігі клиенттердің көп жылдық бізбен қатынасы мен сенім артуымен расталады. Сіздің бизнесіңізде орын алған мәселенің күрделілігі қандай болса да, біз сізге адал да дұрыс баға беретінімізге көз жеткізе аласыз.

  • Оқу және өсу:

Біз үздіксіз оқыту және кәсіби даму ұстанымын өз ісімізде қолданамыз. Біздің қызметкерлер соңғы ағымдар мен өзгерістерден хабардар болу үшін білімдері мен дағдыларын үнемі жаңартып отырады. Бұл сіздің ісіңіздің нарықтағы өзгеретін жағдайларға бейімделуге және тұрақты дамуға көмектесетін нақты әрі шынайы бағалау қызметтерді ұсынуымызға мүмкіндік береді.

 

Біз әрқашан сізбен жұмыс жасауға және сіздің бизнесіңізді дамуына көмектесуге дайынбыз. Біздің жемісті қарым-қатынасымызды бүгін-ақ бастау үшін менеджердің қоңырауына өтініш қалдырыңыз!

Өзіңіз туралы деректерді қалдырыңыз,
біз жақын арада сізбен хабарласамыз
Кеңес алу