Материалдық емес активтерді бағалау
Материалдық емес активтерді бағалау – «PKF Менштік бағалау» ұсынатын негізгі қызметтердің бірі. Зияткерлік меншік, брендтер және патенттер сияқты активтер компания құнына айтарлықтай әсер ететін заманауи бизнесте олардың құнын дұрыс бағалау өте маңызды. Бұл мәтінде осы қызметтің нені қамтитынын және оның сіздің бизнесіңіз үшін неге маңызды екенін түсіндіреміз.
Материалдық емес активтерді бағалау дегеніміз не?
Материалдық емес активтер – физикалық нысаны жоқ, бірақ айтарлықтай экономикалық құндылыққа ие ресурстар. Оларға зияткерлік меншік (патенттер, тауар белгілері, авторлық құқықтар), клиенттік базалар, технологиялар, бағдарламалық жасақтама және іскерлік бедел жатады. Бұл активтердің бағалануы олардың нарықтық құнын анықтауға және компанияның жалпы құнына қалай әсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді.
Материалдық емес активтерді не үшін бағалау қажет?
Материалдық емес активтерді бағалау – стратегиялық жоспарлау, бухгалтерлік есеп және салықтық оңтайландыру үшін маңызды процесс. Ол компанияларға бірігу және жұтылу, инвестиция тарту, бизнесті сату, лицензиялау және зияткерлік меншікті қорғау кезінде негізделген шешімдер қабылдауға көмектеседі. Объективті бағалау компанияның нарықтағы бәсекелестік позициясын күшейтуге де ықпал етеді.
Қазақстанда материалдық емес активтерді бағалаудың ерекшеліктері
Қазақстанда материалдық емес активтерді бағалау заңнамалық және нарықтық жағдайларға байланысты өзіндік ерекшеліктерге ие. «PKF Меншікті бағалау» бағалаушылары зияткерлік меншікті қорғау секілді құқықтық аспектілерді, сондай-ақ елдің экономикалық жағдайын ескереді. Сондай-ақ, кейбір салаларда материалдық емес активтер қосымша құн қалыптастыруда үлкен рөл атқарады, сондықтан осы факторлар да бағалау кезінде назарға алынады.
PKF Global желісінің мүшесі ретінде бізбен жұмыс істеудің артықшылықтары
Халықаралық PKF Global желісінің мүшесі ретінде «PKF Меншікті бағалау» заманауи әдістемелер мен жаһандық тәжірибеге қол жеткізу мүмкіндігін ұсынады. Біз халықаралық стандарттарды жергілікті ерекшеліктермен үйлестіре отырып, сіздің бизнес мақсаттарыңызға сәйкес тиімді шешімдер әзірлейміз. PKF бағалау қызметтері материалдық емес активтерді стратегиялық мақсаттарға жету үшін тиімді пайдалануға көмектеседі.
Қандай жағдайларда материалдық емес активтерді бағалау қажет?
Материалдық емес активтерді бағалау келесі жағдайларда қажет болуы мүмкін:
- Бірігу және жұтылу – мәмілелер барысында компанияның әділ нарықтық құнын анықтау үшін.
- Инвестиция тарту – инвесторлар үшін компанияның тартымдылығын арттыру үшін.
- Лицензиялау және активтерді сату – зияткерлік меншіктің нарықтық құнын белгілеу үшін.
- Бухгалтерлік есеп және салық салу – қаржылық есептілікте дұрыс көрсету және салық міндеттемелерін оңтайландыру үшін.
Материалдық емес активтерді бағалау үшін қандай құжаттар қажет?
Келесі құжаттар талап етілуі мүмкін (қажеттілігіне қарай қосымша құжаттар сұралуы мүмкін):
- Компания тарихы, қысқаша сипаттамасы, реквизиттері (толық атауы, заңды және нақты мекенжайы, тіркеу куәлігінің көшірмесі).
- Компанияның жарнамалық буклеті (қызметтер, клиенттер туралы ақпарат).
- Компанияның жарғысы (барлық өзгерістермен бірге).
- Акциялар шығару туралы мәліметтер (түрі, саны және т.б.), тіркеу куәліктері, акционерлік капитал құрылымы.
- Өткен жылға арналған жылдық бухгалтерлік баланс, сондай-ақ ағымдағы жылдың баланс және кірістер мен шығыстар есебі.
- Бағалау күніне немесе ең жақын есептілік күніне кірістер мен шығыстар есебінің егжей-тегжейлі талдауы.
- Компания бойынша тікелей және жанама шығындар, тұрақты және өзгермелі шығындар талдауы.
- Бағалау күніне арналған жарнамалық бюджет және 3-5 жылға арналған болжамды жарнамалық шығындар.
Біздің материалдық емес активтерді бағалау жөніндегі есептерімізді қандай банктер қабылдайды?
Біздің бағалау есептеріміз Қазақстандағы барлық банктерде (Halyk Bank, Bereke Bank, Forte Bank, Jusan Bank, NurBank, Eurasian Bank, Bank Center Credit, RBK, VTB Bank) және ірі қаржы институттарында, соның ішінде Қазақстанның Даму Банкі, Еуразиялық Даму Банкі және BV Management ұйымдарында қабылданады.
Нақты деректер – дұрыс шешімдер
Материалдық емес активтерді бағалау – сіздің бизнесіңізді басқару мен дамытудың маңызды бөлігі. Егер сіз олардың әділ нарықтық құнын анықтап, стратегиялық шешімдер қабылдау үшін объективті мәліметтер алғыңыз келсе, «PKF Менштікті бағалау» сізге кәсіби бағалау қызметтерін ұсынуға дайын. Қоңырауға өтінім қалдырыңыз – біз сіздің жағдайыңызды талқылап, келесі қадамдарды бірге анықтаймыз.