
«PKF Оценка собственности Алматы» ЖШС директоры
Жұмыс тәжірибесі
«PKF Оценка собственности» компаниялар тобында 2021 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын «PKF Оценка собственности Алматы» ЖШС компаниясының даму жөніндегі директоры қызметінен бастаған. 2023 жылы «PKF Оценка собственности Алматы» ЖШС директоры болып тағайындалды.
Қазақстанның ірі банктерінің бас кеңселеріндегі ірі клиенттермен жұмыс жүргізетін кепілдік департаменттерінде 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар: «Bank RBK» АҚ, «First Heartland Jusan Bank» АҚ, «Евразийский банк» АҚ.
Білімі және біліктілікті арттыруы
Қазақ инженерлік-техникалық академиясы, «Есеп және аудит» мамандығы
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, «Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын, неміс)» мамандығы
Product management, Kolesa group.
Қымбат сатылымдар және мәмілелерді аяқтау, Юсуп Карада
Жетістіктері
АҚ «Bank RBK» басшылығынан бірнеше рет алғыс хаттар алған.
2023 жылы оның басшылығымен Алматыдағы «PKF Оценка собственности» кеңсесі пайда жоспарлау көрсеткіштері бойынша үздік кеңсе атанды.
Бизнеc-процестерді оңтайландырып, Кайдзен басқару тәжірибесін енгізді.
Қазақстан Даму Банкі мен Еуразиялық Даму Банкінен «PKF Оценка собственности» компаниялар тобы үшін аккредитация алды.
Қазақстанның ірі банктерін МСФО мақсатындағы бағалау бойынша тартты.
Төрт тілді еркін меңгерген полиглот.