PKF İstanbul кеңсесіне сапар
2025.05.26«PKF Меншікті бағалау» компаниясынан HR-менеджер Лейла Абдрахманова мен маркетинг маманы Арайлым Бисекова PKF İstanbul кеңсесіне барып, оның басшысы KADIR SAYICI мырзамен кездесті.
Түркия мен Қазақстандағы PKF желісіндегі жұмыс ерекшеліктері туралы пікір алмасып, тәжірибе бөлісіп, әріптестерімізбен бетпе-бет жүздесу — біз үшін құнды әрі шабыттандыратын сәт болды.
PKF İstanbul командасына жылы қабылдауы мен қонақжайлығы үшін алғысымызды білдіреміз! 🧡