PKF жаңалықтары

PKF Меншікті бағалау Қазақстан ЖОО-ларында «Бағалау» мамандығын дамытуға қолдау көрсетеді

2022.10.04

2022 жылғы 28–29 сәуірде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде (ҚазҰАЗУ) XIV Республикалық пәндік олимпиада өтті. Оған академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттері де қатысты.

PKF Меншікті бағалау мамандары қазылар алқасының мүшесі ретінде шақырылды. Іс-шараға Алматы қаласындағы біздің даму жөніндегі директорымыз Рауан Қатшыбеков қатысты.

Екі күндік салтанатты шара барысында студенттермен белсенді қарым-қатынас орнатылып, олар жақсы нәтижелер мен жоғары білім деңгейін көрсетті.

PKF Меншікті бағалау ЖОО-лармен белсенді жұмыс істейді және осындай іс-шараларды әрдайым қолдайды. Біз «Бағалау» мамандығын дамытуға, студенттердің кәсіби өсуіне және жұмыспен қамтылуына мүдделіміз.

Біз «Бағалау» мамандығын ілгерілету мен дамытуға күш салып, басқа университеттермен ынтымақтасуға, бейімделген оқу процесін өндірістік тәжірибемен ұштастыруға дайынбыз.

Өзіңіз туралы деректерді қалдырыңыз,
біз жақын арада сізбен хабарласамыз
Кеңес алу