Жас мамандарды қолдау: PKF Меншікті бағалау ЖОО-мен қалай ынтымақтасады
2022.02.28PKF Меншікті бағалау ЖШС Қазақстан жоғары оқу орындармен белсенді ынтымақтастықта жұмыс істейді.
Компания бағалау саласының болашақ мамандары ретінде жас мамандардың дамуына мүдделі. Сондай-ақ жас мамандардың тек қазақстандық стандарттарға сәйкес біліктілік алып қана қоймай, RICS және CFA сияқты халықаралық сертификаттарды алуына қолдау көрсетеді.
2021 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университетімен (ҚазҰАЗУ) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында тараптар студенттердің тәжірибеден өтуі және кейін жұмысқа орналасуы туралы келісімге келді.
Компанияның өсуімен және халықаралық нарықтың талаптарының артуымен бірге, бизнес пен ХҚЕС мақсатындағы бағалау салаларында білікті мамандарға сұраныс артып келеді.
2022 жылдың 25 ақпанында «ҚазҰАЗУ – Түлек – Жұмыс беруші: тиімді әріптестіктің келешегі» тақырыбында офлайн және онлайн форматтағы кезекті дөңгелек үстел өтті.
Бұл іс-шараға PKF Меншікті бағалау компаниясының Алматы қаласы бойынша бизнесті дамыту директоры Рауан Катшыбеков қатысты.
Рауан Бауржанұлы «Қосарлы оқытудың маңыздылығы: оқу басталған сәттен теория мен практиканы ұштастыру» тақырыбында баяндама жасады.
Дөңгелек үстелде сондай-ақ мамандық бойынша студенттердің жұмыспен қамтылуы, бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау, қонақ дәрістер өткізу және басқа да маңызды мәселелер талқыланды.
Сұрақтарыңыз бар ма? Біз көмектесуге дайынбыз — төмендегі форманы толтырыңыз, біз сізбен жақын арада хабарласамыз.