Акцияларды бағалау

Акцияларды бағалау

Акцияларды бағалау үшін негіз оның иесіне табыс әкелуге қабілетті қаржы құралы ретіндегі құнын анықтау болып табылады. Табыс алудың негізгі тәсілдерінің ішінде компанияның қаржы көрсеткіштерінің жақсаруымен, оның бизнесінің кеңеюімен және оның активтерінің құны өсуімен байланысты дивиденттер алу және акциялар құнының өсуі болып табылады.

Біздің есептемелерімізді кім қабылдайды?

Біздің есептемелерімізді ҚР екінші деңгейдегі барлық банктері, несие берумен, лизингпен және қаржыландырудың басқа да түрлерімен айналысатын қаржы институттары қабылдайды.

Қызмет қанша тұрады?

Компанияның баға саясаты серіктестермен ұзақ мерзімді серіктестік қатынастарын орнату стратегиясына негізделген.

Компанияның филиалдық желісі еліміздің әр түрлі қалаларынан бағалау нысандарын тапқан жағдайында, нысандарды тексеруге арналған клиенттің көлік шығындарын төмендетуге рұқсат етеді.

Біз келісімнің барлық аспектілерін талқылау бойынша, соның ішінде тапсырыс беруші үшін жеке тарифтер бойынша сөйлесу үшін ашылдық.

Бағалау жүргізу қанша уақытты алады?

Біздің мамандарымыз бағалау жүргізуде біраз тәжірибеге ие, сондықтан қызметтің осы түрі бойынша бағалау ең қысқа мерзімдерде өткізілетін болады.

Бағалау жүргізу үшін не қажет?

Бағалау жүргізу үшін Сізге мыналар қажет:

• Құжаттарыңызды біздің компаниямыздың кеңсесіне әкеліп тапсыру немесе бізге электрондық мекен-жайға жіберу (эл.мекен-жайына сілтеме)

• Бағалауға арналған келісімшартқа отыру

• Біздің компанияның маманымен тексерілу үшін бағалау нысанына мүмкіндік беру

• Бағалау нысанына есептеме алу

Акцияларды бағалау үшін қандай құжаттар қажет?

  • Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік
  • Жарғы және акционерлер тіркелімі
  • Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы
  • Компанияны сипаттау (даму тарихы, өндірістік әлеуеті, өнім номенклатурасы)
  • Компанияның даму жоспарлары (бизнес-жоспар, қаржы жоспарлары)
  • Саланың даму мәселелері, негізгі бақталастары, күшті және әлсіз тұстарын суреттеу
  • Соңғы бес жылдағы бухгалтерлік есептілік
  • Баптардың мағынасын ашу: түсімдер (қызмет түрі бойынша) және өзіндік құны (шығындар баптары бойынша)
  • Теңгерім баптарының мағынасын ашу: негізгі құрал-жабдықтар: есепке алу жылы, бастапқы және қалдық теңгерімдік құны, бір айдағы өтемпұл мөлшері, соңғы қайта бағалау күні; бейматериалдық активтердің тізімі, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржы салымдары, аяқталмаған құрылыс (енгізу күнін, бастапқы және қалдық құнын қосқанда)
  • Дебиторлық қарыз (берешек мөлшері, пайда болу және мерзімі өткендігінің мерзімдері бойынша бөлу күні бар ірі дебиторлар тізімі. Үмітсіз борыштар.)
  • Жылжымайтын мүліктің барлық нысандарына арналған құқықты растаушы құжаттар. Техникалық құжаттардың көшірмелері. Меншік туралы куәлік көшірмелері
  • Жабдық туралы деректер
  • Бейматериалдық активтерді тіркеу туралы куәліктердің көшірмесі (тауардың белгілері және т.б.)
  • Жер телімін пайдалану (меншікті) құқығына арналған құқық белгілеуші және құқықты растаушы құжаттар. Кадастрлық жоспарлар. Жер салығының мөлшері жөнінде анықтама
  • Еншілес кәсіпорындар туралы деректер. Қатысқан компаниялардың табыстары жөнінде жылдық теңгерімдер мен есептемелер
  • Жалгерлік төлем мөлшерлерімен жалға алудың қолданыстағы шарттары
  • Негізгі жеткізушілер мен сатып алушылардың әрқайсысының жалпы көлемдегі үлесін көрсету арқылы тізімі.
  • Компанияның құнды қағаздарының тіркелімін ұстаушысының анықтамасы. Құнды қағаздар эмиссиясының аңдатпасы;
  • Компания акцияларымен келісімдер туралы қор биржасының анықтамасы;
  • Құнды қағаздардың мемлекеттік тіркеуі туралы куәліктің көшірмесі.