Сарапшының түйіндемесі

Сарапшының түйіндемесі



Галянина Татьяна

«Алматы қ. PKF Меншікті бағалау» ЖШС директоры, жоғары санатты бағалаушы
Татьяна Галянина «Меншікті бағалау» ЖШС бастауында тұрды, компанияда 2004 жылы бағалаушы ретінде жұмысын бастады.
2005 жылы Татьяна «Кәсіпорынның (бизнестің) құнын бағалау» бағдарламасы бойынша Мәскеу қ. халықаралық бағалау және консалтинг академиясында кәсіби қайта даярлау курсынан өтті, ал 2008 жылы «Ernst&Young» Бизнес Академиясында «Қаржылық талдау I: қаржылық талдау құралдары және оларды қолдану үлгісі» пәні бойынша оқу курсын аяқтады.
Сондай - ақ Татьяна «Бизнесті бағалау негіздері» және «ХҚЕС мақсаттары үшін жылжымайтын мүлікті бағалаудың өзекті мәселелері» тақырыптары бойынша жылжымайтын мүлік саласындағы сертификатталған мамандар Корольдік қоғамының (Ұлыбритания) екі беделді RICS сертификатына ие.
2020 жылдың ақпан айында Татьяна зияткерлік меншікті және материалдық емес активтерді бағалау бойынша Бағалаушылар палатасының сертификатын алды.
Татьяна барлық мүмкін объектілерді – жылжымайтын, жылжымалы мүлікті, бизнесті және материалдық емес активтерді бағалау бойынша біліктілік куәліктері бар жоғары санатты бағалаушы болып табылады.
Жұмыс барысында Татьяна әртүрлі меншік түрлерін бағалау бойынша көптеген жұмыстарды орындады.
Қазіргі уақытта Татьяна Алматы қаласында бағалау бойынша бес маманның жұмысын басқарады, клиент-компаниялардың басшыларымен кездесулер өткізеді.
Бағалау саласындағы жұмыс өтілі 15 жылды құрайды.
Татьяна күрделі объектілерді: мамандандырылған коммерциялық жылжымайтын мүлікті, бизнесті бағалауға маманданған.

Байланыстары: +7 705 800 88 50, galyanina_t@pkfvp.kz