Пайдалы мақалалар

ҚДБ үшін бағалау: Қазақстан Даму Банкінің талаптарына сай есепті қалай дайындау керек

2025.12.11

ҚДБ үшін бағалау — Қазақстан Даму Банкінен қаржыландыру, қайта қаржыландыру немесе банктік кепілдік алуды жоспарлаған компаниялар үшін міндетті кезең. Стандартты есептермен салыстырғанда, ҚДБ-ға арналған бағалау есептері анағұрлым мұқият тексеріледі, сондықтан есеп құрылымына, есептеулердің дәлдігіне және растаушы ақпаратқа қойылатын талаптар жоғары болып келеді. Дұрыс дайындалған есеп — жобаны қарастыру және несие беру туралы шешім қабылдау кезінде ҚДБ сүйенетін негізгі құжаттардың бірі.

Қазақстан Даму Банкі (ҚДБ) туралы

Қазақстан Даму Банкі — ел көлеміндегі ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру және қолдау мақсатында құрылған ұлттық даму институты. Банк миссиясы — экономикадағы орнықты өсімге ықпал ету, өндірістік қуаттарды арттыру, экспорттық әлеуетті дамыту және инфрақұрылымды жетілдіру. ҚДБ елдің экономикалық жаңғыруына және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған стратегиялық бастамаларды іске асыруда маңызды рөл атқарады.

ҚДБ үшін бағалау қашан және не үшін қажет

Қазақстан Даму Банкіне қаржыландыруға ұсынылған жобаларды қарастыру барысында бағалау міндетті талаптардың бірі болып табылады. Банктік сараптама кезеңінде ҚДБ активтер мен бизнес құнының, қамтамасыз ету құрылымының, маркетингтік пысықталу деңгейінің, кепілгердің қаржылық тұрақтылығының және жобаның қаржылық моделінде пайдаланылатын бастапқы деректердің дұрыстығына көз жеткізу үшін тәуелсіз мамандарды тартады.

Бағалау келесі жағдайларда қажет болуы мүмкін:

  • жобаға кепілді қамтамасыз ету ретінде ұсынылған активтер (жер, ғимараттар, жабдық, көлік және т.б.) тәуелсіз нарықтық құнымен расталуы тиіс болғанда;
  • міндеттемелер бойынша кепілгер немесе гарант қажет болған жағдайда және оның қаржылық тұрақтылығы мен кепілгерлік қабілетін бағалау қажет болғанда;
  • жобаның қаржылық моделі активтердің, құрылатын өндірістік қуаттардың немесе болашақ ақша ағындарының құнына негізделген жағдайда, банктің осы көрсеткіштердің тәуелсіз бағасын талап етуі кезінде;
  • жобаның маркетинг тұрғысынан пысықталуын, оның ішінде нарық көлемін, сұранысты, бәсекелестік ортаны және жоспарланған көрсеткіштердің өмір ағымына сәйкестігіне көз жеткізу қажет болғанда тәуелсіз бағалаушылардың қызметі қажет болады.

Тәуелсіз бағалау есебі несие өтінімінің құрамына енгізеді және Банктің жобаны әрі қарай сараптау үдерісінің маңызды элементі болып табылады.

20 жылдан астам тәжірибесі бар бағалаушы, CFA, RICS халықаралық біліктіліктерінің және ACCA Advanced Diploma in Accounting and Business дипломының иегері, «PKF Меншікті бағалау» компаниясының басшысы Олег Чесноков былай деп бөліседі:

«ҚДБ үшін бағалау жобалары — ауқымды, күрделі әрі кәсіби тұрғыдан қызықты міндеттер. Олар жоғары біліктілікті, аналитикалық тәсілді және үздік халықаралық тәжірибелерді қолдануды талап етеді. Мұндай жобалар біздің сарапшыларымыздың әлеуетін көрсетуге және ел экономикасының дамуына өз үлесімізді қосуға мүмкіндік береді. Клиенттердің сенімі — біз үшін ең жоғары құндылық, сондықтан әр жұмысты барынша дәлдікпен және кәсіби деңгейде орындауға ұмтыламыз».

Қазақстан Даму Банкіне арналған бағалаудың ерекшеліктері

ҚДБ үшін бағалау стандартты нарықтық бағалау есептерінен өзгеше. Банк талаптары келесілерді қамтиды:

  • шығындық, салыстырмалы және табыстық тәсілдерді қолдану немесе олардан бас тартуды негіздеу;
  • экономикалық құнсыздану тестін жүргізу және маркетингтік талдауды міндетті түрде орындау;
  • барлық аралық есептеулерді, Excel-файлдарды және ақпарат көздеріне сілтемелерді ұсыну;
  • бір айдан аспайтын мерзімдегі өзекті нарықтық деректерді қолдану;
  • бағаланатын объектілер туралы ақпаратты атаулары, цехтары, желілері, инвентарлық нөмірлері және енгізілген жылдары бойынша нақты ашып көрсету;
  • әр бағалау объектісіне техникалық және құқықтық талдау жүргізу;
  • екі тарап қол қойған қарап-тексеру актілерін және бір айдан аспайтын мерзімдегі фотоматериалдарды қоса беру.

Осы талаптардың орындалуы есептің Банкте ескертусіз қабылдану ықтималдығын арттырады.

Екатерина Азовская, «PKF Меншікті бағалау» компаниясының Астана қаласындағы офисінің директоры:

«Біз бағалау есебіндегі барлық есептеулердің дұрыстығына және әрбір болжамның негізділігіне ерекше мән береміз. Жұмыс барысында халықаралық беделді дереккөздердің аналитикалық мәліметтерін қолданамыз. Әр есеп бағалау стандарттарына, есептеу дұрыстығына және ҚДБ талаптарына толық сәйкестік тұрғысынан мұқият ішкі тексеруден өтеді. Мұндай тәсіл біздің бағалау есептеріміздің сапасының жоғары болуын қамтамасыз етеді», — деп бөліседі.

ҚДБ жобалары үшін бағалаушыны қалай таңдау керек

Қазақстанның Даму Банкі келесі талаптарға сай бағалаушылармен жұмыс істеуді ұсынады:

  • халықаралық біліктіліктердің болуы (ASA, TEGBA/REV, RICS);
  • бағалау саласында кемінде 5 жыл тәжірибесі болуы;
  • соңғы жылдағы салықтық берешектің және шығындардың болмауы;
  • банктер тарапынан жақсы пікір, ұсынымхаттардың болуы;
  • тәртіптік жазалардың болмауы.

Тәжірибелі бағалаушыны таңдау Банктен ескертулер алу тәуекелін азайтады және сараптамадан өту процесін жеңілдетеді.

«PKF Меншікті бағалау» компаниясының Астана офисінің даму бойынша директоры Сұңқар Баубек ҚДБ-мен жұмыс жайында мынадай пікір айтады:

«Соңғы екі жылда біз Қазақстанның Даму Банкіне қаржыландыруға ұсынылған ондаған жобаларды табысты сүйемелдедік. Банктің талаптарын терең түсіну және сарапшыларымен тұрақты байланыс бізге жұмыс үдерісін шапшаң әрі дәл жүргізуге мүмкіндік береді. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда біз қажетті түсіндірмелерді жедел ұсынамыз, бұл қарастыру процесін жеңілдетеді және қайта түзетулер санын азайтады».

Бағалау есебінің нысаны мен мазмұнына, сондай-ақ бағалаушыны таңдауға қатысты Қазақстан Даму Банкінің кеңестері мен өзекті ақпараттары Банктің ресми сайтында қолжетімді – https://www.kdb.kz.

Неліктен клиенттер «PKF Меншікті бағалау» компаниясын таңдайды

«PKF Меншікті бағалау» — корпоративті қаржы және бағалау саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар компания, қазіргі таңда Алматы, Астана, Ақтөбе, Ақтау және Орал қалаларында офистері, сондай-ақ Атырау, Құлсары, Жаңаөзен және Аксай қалаларында өкілдіктері бар. PKF Global халықаралық желісінің мүшесі ретінде біз жоғары кәсіби стандарттарды қатаң ұстанамыз.

ТОО «PKF Меншікті бағалау» ҚДБ-ның сыртқы сарапшылар тізіліміне енгізілген (банк сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыз: https://www.kdb.kz/services/external-expert-services), бұл біздің мамандардың Банктің талаптарына толық сай келетінін және оның жобаларын кәсіби түрде орындай алатындығын растайды.

Біздің есептеріміз:

  • Қазақстанның Даму Банкінде қабылданады;
  • талап етілетін құрылымға, мазмұн мен сапаға толық сәйкес келеді;
  • барлық есептеулер мен құжаттар жинағымен ұсынылады;
  • ұлттық және халықаралық кәсіби біліктіліктері бар мамандар тарапынан дайындалады;
  • басқарушылық және инвестициялық шешімдер қабылдауға қажетті объективті және негізделген ақпаратты қамтамасыз етеді.

«PKF Меншікті бағалау» Алматы офисінің директоры Рауан Катшыбековтың айтуы бойынша:

«Біз бағалау үдерісін клиенттеріміз үшін мүмкіндігінше түсінікті әрі қолайлы етуге ұмтыламыз. Бұл тек ҚДБ жобаларын табысты аяқтауға ғана емес, сонымен қатар тапсырыс берушілердің сеніміне ие болуға мүмкіндік береді. Көптеген клиенттеріміз бізді өз серіктестері мен әріптестеріне ұсынады, бұл — біз үшін жұмысымыздың ең жоғары бағасы деп білемін».

ҚДБ үшін бағалау қажет пе?

Егер сізге Қазақстанның Даму Банкі үшін бағалау (бизнес, активтер, кепілгерлік қабілет, келісімшарттар немесе маркетингтік пысықталу бойынша) қажет болса — сайттағы байланыс формасы арқылы өтініш қалдырыңыз. Біз сізбен тез арада хабарласып, кеңес беретін боламыз.

Өзіңіз туралы деректерді қалдырыңыз,
біз жақын арада сізбен хабарласамыз
Кеңес алу